«Цифрлық даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Цифрлық даму орталығы» коммуналдықмемлекеттік мекемесі 2022 жылы 5 наурызда Түркістан облысы әкімдігінің №43 қаулысымен бекітіліп ашылды.
Түркістан облысының «Цифрлық даму орталығы» КММ-сі (бұдан әрі - Мекеме) мемлекеттік басқаруды автоматтандырудың және автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің сапасы мен тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.